WBO Александр Усикке міндетті қарсылас тағайындады

WBO Александр Усикке міндетті қарсылас тағайындады

Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) ауыр салмақтағы чемпион украиналық Александр Усикке (23-0, 14 КО) міндетті қарсылас тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл бұрынғы титул иегері Жаңа Зеландиялық Джозеф Паркер (36-3, 24 КО). Шешімге сәйкес, боксшылардың командасы алдағы 30 күн ішінде жекпе-жек өткізу туралы келісімге келуі керек.

Джозеф Паркер 32 жаста. Жаңа Зеландиялық 2012 жылдан бері кәсіпқой рингке қатысып келеді және Карлос Такам, кіші Энди Руис, Энтони Джошуа, Диллиан Уайт, Дерек Чисора, Джо Джойс және Деонтей Уайлдермен кездескен. Пакер наурызда өткен кейінгі жекпе-жегінде қытайлық Чжан Чжилэйге қарсы жекпе-жек өткізіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или