Қазақстандық дзюдошы рейтингте жоғарылады

Қазақстандық дзюдошы рейтингте жоғарылады

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова Линцте (Аустрия) өткен Әлемдік Гран-при кезеңінде жеңіске жеткеннен кейін IJF әлемдік рейтингінде үшінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Наурыздың 7-сі күні Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы 48 кг салмақ дәрежесінде қатарынан төрт жекпе-жекте жеңіске жетіп, алтын медаль олжалаған болатын. Осы жетістігінің арқасында ол әлемдік рейтингте бесінші орыннан үшінші орынға көтерілді.

Қазіргі уақытта Әбужақынова 5374 ұпай жинап, IJF рейтингінде үшінші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или