Елена Рыбакина жеңіс саны жөнінен әлемде үздік үштікте келеді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина 2020 жылдың басынан бері WTA матчтарында 207 жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіс саны жөнінен қазақстандық теннисші әлемде үздік үштікті түйіндеп тұр.
Рыбакинаның алдына тек Польша өкілі Ига Швентек (267 жеңіс) пен белоруссиялық, әлемнің 1-ракеткасы Арина Соболенко (231) ғана түскен.
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Мирра Андреевамен ойнайды.
Бір қызығы, 21 ақпан күні Дубайдағы дәл осындай жарыстың жартылай финалында Е.Рыбакинаның жолын М.Андреева кескен еді. Кейін ол спорттық жолында алғаш рет WTA 1000 турнирінде чемпион атанды.
Қазақстандық спортшы Дубайда кеткен есені қайтара ала ма, оны 12 наурыз күні түнде өтетін бәсеке көрсетеді.