Максим Самородов РПЛ-дің 20-турының символикалық құрамына кірді

Танымал ресейлік «Чемпионат» сайты РПЛ-дің 20-турының символикалық құрамын жасақтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сайт нұсқасы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының футболшысы Максим Самородов Ресей премьер-лигасының өткен турының үздік жартылай қорғаушыларының бірі атанды.
Символикалық құрамның толық нұсқасы төмендегідей:
Қақпашы: Никита Кокарев («Химки»).
Қорғаушылар: Хуан Касерес («Динамо»), Виллиан Роша (ЦСКА), Максим Осипенко («Ростов»), Руслан Безруков («Рубин»).
Жартылай қорғаушылар:Александр Черников («Краснодар»), Стефан Лончар («Акрон»), Максим Самородов («Ахмат»), Сергей Пиняев («Локомотив»).
Шабуылшылар: Лусиано Гонду («Зенит»), Мирлинд Даку («Рубин»).
Бас бапкер:Рашид Рахимов («Рубин»).
Ресей премьер-лигасының 20-турында «Ахмат» сырт алаңда мәскеудің «Локомотивімен» кездесіп, тең тарқасты (1:1). Матчың 16-минутында Алексей Батраков есеп ашса, 40-минутта Максим Самородов таразы басын теңестірді. Гол соғылған сәтте Максим жеке шеберлігін паш еткен болатын.