Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында топ жарды

Қазақстандық жас дзюдошылар Еуропа кубогында топ жарды

8–9 наурыз 2025 жылы Түркияның Анталия қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Еуропа кубогы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық дзюдошылар екі күн бойы жоғары нәтиже көрсетіп, сәтті өнер көрсетті. Алғашқы күні 17 медаль жеңіп алса, екінші күні қоржынға тағы 5 жүлде қосты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 7 алтын, 3 күміс және 12 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Екінші орынды 4 алтын, 3 күміс және 3 қола медаль еншілеген Түркия құрамасы иеленсе, Бельгия құрамасы 2 алтынмен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, аталған жарысқа 24 елден 448 спортшы қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или