Қазақстандық дзюдошылар тағы бір Гран-приді бір жүлдемен аяқтады

Қазақстандық дзюдошылар тағы бір Гран-приді бір жүлдемен аяқтады

Аустрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің үшінші жарыс күнінде қазақстандық татами шеберлері жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл сында ширек финалға дейін барған Нұрлыхан Шархан венгриялық Кристиан Тотты таза жеңсе де, төреші оның әдісін есепке алмады. Осылайша қазақстандық дзюдошы жұбаныш белдесуінде күресуге мәжбүр болды. Алайда Нұрлыхан жұбаныш белдесуінде Израиль өкілі Иосиф Симинге жол берді.

Бұдан бөлек, -90 келіде Мейірлан Максим 1/8 финалда жапониялық Рику Окададан жеңілді. Ал +100 келіде Жантілек Нұртілепұлы грузин дзюдошысы Шалва Гурешидзе қарсы айқаста сүрінді. Әйелдер арасында +78 келіде Ақерке Рамазанқызы да алғашқы белдесуде франциялық Грейс-Эстер Миенанди Лахуден жеңілді.

Аталған турнирге елімізден 14 дзюдошы аттанған еді. Олардың арасынан тек Абиба Әбужақынова (48 кг) ғана жеңімпаз атанды.

Линц Гран-приі Қазақстан дзюдошылары жыл басынан бері қатысқан үшінші жарыс. Бұған дейін отандық татами шеберлері Баку және Ташкент Гранд Слэмінің әрқайсысынан жалғыз қола жүлдеден иеленген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или