Индиан-Уэллс турнирі: Елена Рыбакина ресейлік жас талантпен кездеседі

Индиан-Уэллс турнирі: Елена Рыбакина ресейлік жас талантпен кездеседі

Әлемнің 11-ші ракеткасы, 17 жастағы ресейлік теннисші Мирра Андреева Индиан-Уэллстегі турнирдің үшінші раундында рейтингтің 21-ші ракеткасы, Дания спортшысы Клара Тауссонды 6:3, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 1 сағат 3 минутқа созылды. 

Келесі айналымда Андреева рейтингте жетінші орында тұрған қазақстандық теннисші Елена Рыбакинамен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, Индиан-Уэллстегі турнир 5-16 наурыз аралығында өтеді. Байқаудың жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или