Қазақстан жастар арасындағы әлем кубогы кезеңіндегі үшінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан жастар арасындағы әлем кубогы кезеңіндегі үшінші алтын медалін жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Нығман Нығмет Будвада (Черногория) жастар арасындағы «Адриатика маржаны» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz

57 келі салмақта финалдық жекпе-жекте Нығмет Қырғызстан боксшысы Амантур Джумаевпен кездесіп, оны төрешілер шешімімен жеңді.

Осылайша, Нығман Нығмет жастар арасындағы әлем кубогының алтын жүлдегері атанса, Амантур Джумаев турнирді күміс медальмен аяқтады.

Айта кетейік, бұл Қазақстан құрамасының үшінші алтыны. Бұған дейін Регина Тибенева (57 келі) пен Ақбота Есімбекова (66 келі) де алтын медаль алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или