«Елімай» «Қайсарды» жеңіп, үш ұпайға ие болды

Семейдің «Елімайы» Қазақстан Премьер-лигасының 2-турында «Астана Аренада» қызылордалық «Қайсармен» кездесті.
Алғашқы тайм тартысты өтті, бірақ есеп ашылған жоқ. Екінші тайм басында «Қайсар» белсенді көрінді, алайда алғашқы болып гол соққан – семейліктер. 62-минутта Роман Тугарев мергендік танытып, «Елімайды» алға шығарды.
Ойын соңына дейін шабуылдауды жалғастырған семейлік клуб негізгі уақыт аяқталуға бір минут қалғанда тағы бір гол соқты. Бұл жолы Фесу Плакка өз мүмкіндігін мүлт жібермеді – 2:0.
Екі турдан кейін «Елімайдың» қоржынында 3 ұпай, ал «Қайсар» 1 ұпай еншілеп отыр.
«Елімай» – «Қайсар» 2:0 (0:0)
Голдар: Тугарев 62 (1:0), Плакка 89 (2:0).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или