«Қайрат» украиналық шабуылшы Филипп Будковскийге қызығушылық танытуда

Журналист Игорь Бурбастың мәліметінше, Қазақстан чемпионы «Қайрат» украиналық «Заря» командасының шабуылшысы Филипп Будковскийді өз сапына қосқысы келеді, деп хабарлайды Ua-football.com.
Алматылық клубтың негізгі шабуылшысы Элдер Сантана жарақат алып, команда оның орнына тәжірибелі ойыншы іздеуде. Алайда, «Заря» Будковскийді жіберуге асығар емес.
«Қайрат» жазда Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ойнайды.
Қазіргі маусымда Филипп Будковский 19 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Оның украиналық клубпен келісімшарты 2026 жылға дейін жарамды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или