«Ақтөбе» өз алаңында «Тұранды» жеңіп, маусымдағы алғашқы үш ұпайын алды

«Ақтөбе» өз алаңында «Тұранды» жеңіп, маусымдағы алғашқы үш ұпайын алды


Қазақстан Премьер-лигасының 2-турындағы алғашқы жексенбілік матчта «Ақтөбе» өз алаңында «Тұранмен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.


Ойынның 29-минутында алаң иелері есеп ашты – қорғаушы Неманья Анджелкович мергендік танытты. Алайда Түркістаннан келген қонақтар екінші таймда есепті теңестіріп, ойынды қайта жандандырды. Голдың авторы – Горан Милойко.


Кездесудің тағдырын Еркебұлан Сейдахметтің баспен соққан дәл соққысы шешті – 2:1. Осылайша, «Ақтөбе» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, 4 ұпаймен турнир кестесінің үшінші сатысына көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или