Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогын сәтті бастады

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогын сәтті бастады

Дзюдодан Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан Еуропа кубогында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 17 медаль алды.

Алғашқы жарыс күнінде ел құрамасы қоржынына 5 алтын, 3 күміс, 9 қола медаль түсті.

Ел құрамасынан Арман Мұса (50 келі), Арсен Елемес (55 келі), Бақдәулет Қабдешов (60 келі), Мұхаммедали Жылқайдар (66 келі), Фатима Супугалиева (52 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.

Ал Аслан Ерғалиев (55 келі), Ернұр Батырғали (60 келі), Жанайым Мұратбек (52 келі) күміс жүлдегер болса, Мерей Дәулетхан (50 келі), Фархат Зейнолла (50 келі), Сейітжан Маметов (55 келі), Әкежан Әбдіманап (55 келі), Заманбек Бақтығали (66 келі), Ролан Қайырғали (66 келі), Ульяна Пряхина (40 келі), Айнара Сейтжанова (44 келі), Әсел Русланова (48 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или