Елена Рыбакина жыл басынан бері екі млн доллар табыс тапты

Елена Рыбакина 2025 жылы 1 миллион доллардан астам табыс тапты, деп хабарлайды Prosports.kz Спорт Шредингерд Телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Қазақстанның бірінші ракеткасы жаңа маусымның екі айында 1 010 313 доллар (501 млн теңге) тапқан.
2025 жылы Рыбакина 19 матч өткізіп, 14 рет жеңіске жетіп, 5 ойында жеңіліп қалды. Әзірге турнир жеңімпазы атанған жоқ.
Абу-Дабиде өз атағын қорғауға тырысқан Елена жартылай финалға дейін жетіп, Мирра Андреевамен кездесуде жеңіліп қалды.
2025 жылғы ең көп сыйақы алған теннисшілер ТОП-6:
• Мэдисон Киз (№5) – $2 379 924
• Ига Швентек (№2) – $1 560 061
• Арина Соболенко (№1) – $1 456 805
• Кори Гауфф (№3) – $1 373 731
• Мирра Андреева (№11) – $1 098 920
• Елена Рыбакина (№7) – $1 010 313
Ал мансабындағы жалпы жүлде қоры $16 745 303!