Абиба Әбужақынова осы жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Абиба Әбужақынова осы жылдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Абиба Әбужақынова Аустрия Гран Приін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Дзюдодан Линцте басталған дзюдодан Гран Приі турнирінде қазақстандық Абиба Әбужақынова жарысты жеңіспен бастады.

Әбужақынова жарысты екінші айналымнан бастады. Алғашқы белдесуінде ол жапондық дзюдошы Мизуки Хараданы жеңді. Ширек финалда қазақстандық спортшы Аустрия өкілі Жаклин Шпрингерден басым түсіп, келесі кезеңге өтті.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасы сапында Толғанай Әбеуова (52 келі), Дана Әбдірова (57 келі) алғашқы айналымда жарысты аяқтаса, 60 келіде Талғат Орынбасар швейцариялық Дэвид Гоштан басым түсті. Бұдан бөлек, 66 келіде Нұрмұхамет Ботабай неміс спортшысы Ноэль Шмидті қапы қалдырды.

Айта кетейік, Абиба жыл басталғалы бері енді бірінші жарысына қатысып отыр.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или