Мацей Сулецкий: «Қазақстанға аз ақшаға келдім, бірақ тәуекелім ақталды»

Мацей Сулецкий: «Қазақстанға аз ақшаға келдім, бірақ тәуекелім ақталды»


Поляк боксшысы Мацей Сулецкий (33-3, 13 КО) 28 ақпанда Астанада өткен Али Ахмедовпен жекпе-жектің күтпеген жағдайларын айтты.

– Бұл үшін көп ақша төлемеді. Мен үлкен тәуекелге бардым. Қазақстанға, қарсыласымның жеріне бардым. Қарапайым адам үшін бұл аз ақша емес шығар, бірақ бокс әлемінде – бұл өте аз. Бірақ мен тәуекелге бардым, және ол өзін ақтады, – деді ол поляк басылымдарына берген сұхбатында.

Айта кетейік, WBC Silver белбеуі үшін өткен жекпе-жекте Сулецкий 10-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Кездесу барысында Али Ахмедов үш рет нокдаунға түсті. Бұрын Геннадий Головкиннің командасында болған Ахмедов үшін бұл ауыр жеңілістердің бірі болды.

2019 жылы Сулецкий орта салмақта WBO чемпиондық белбеуі үшін Деметриус Андрадемен жұдырықтасқан. Бірақ төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или