Өзбек дзюдошылары Гранд-Слэм турнирінде рекорд орнатты

Өзбек дзюдошылары Гранд-Слэм турнирінде рекорд орнатты

Ташкентте өткен дзюдодан Гранд-Слэм турнирінде өзбек дзюдошылары 1 алтын, 3 күміс, 8 қола жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz

Осылайша Өзбекстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік үштікті түйіндеп, ел тарихында бұрын-соңды болмаған нәтижеге қол жеткізді.

Айта кетейік, Қазақстан құрама сапынан 20 дзюдошы белдесіп, басым көбі алғашқы айналымнан әрі аса алмады. Ел қоржынына жалғыз қола жүлдені 81 келіде Абылайхан Жұбаназар салып, біздің елдің құрамасы жалпы есепте небәрі 10-орынға табан тіреді.

Айтулы додада жапония елінің спортшылары 5 алтын, 4 күміс, 2 қола медальмен көш бастаса, жүлделі екінші орынды Қытай дзюдошылары иеленді. Олардың қоржынында 2 алтын және 2 қола медаль бар.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или