«Странджа кубогы»: Қазақстан медаль саны бойынша қай орынға тұрақтады?

«Странджа кубогы»: Қазақстан медаль саны бойынша қай орынға тұрақтады?

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Софияда (Болгария) өткен шағын әлем чемпионаты деп те аталатын «Странджа кубогында» 18 медаль (5 алтын, 9 күміс және 4 қола) жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл нәтиже команданың ерлер арасындағы медальдық есепте бірінші орын алуына жеткілікті болды. Екінші орында барлығы 8 медаль (5 алтын, 1 күміс, 2 қола) жеңіп алған Өзбекстан құрамасы тұр. Жарыс қожайындары Болгария құрамасы 5 медаль (2 алтын және 3 қола) жеңіп алды.

«Странджа кубогы». Медальдық кестесі (ерлер):

1. Қазақстан — 5-9-4 (18)

2. Өзбекстан — 5-1-2 (8)

3. Болгария — 2-0-3 (5)

4. Түркия — 1-0-0 (1)

5. Әзірбайжан — 0-2-2 (4)

6. Грекия — 0-1-0 (1)

7. Ирландия — 0-0-4 (4)

8. Косово — 0-0-2 (2)

8. Грузия — 0-0-2 (2)

8. Англия — 0-0-2 (2)

11. Франция — 0-0-1 (1)

11. Италия — 0-0-1 (1)

11. Израиль — 0-0-1 (1)

11. Австрия — 0-0-1 (1)

11. Қытай — 0-0-1 (1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или