Қазақстандық ММА файтері кәсіпқой бокс турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшы Фаниль Рафиков (24-7) Павлодарда өткен Fight Nights турниріне қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол ресейлік Ахмед Алиевпен (22-8) кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізді.
Алты раундқа есептелген кездесу күтпеген нәтиже көрсетіп, Рафиковтың жеңісімен аяқталды. Ол төрешілер шешімімен қарсыласынан басым түсті.
Осылайша, Рафиков кәсіпқой бокстағы карьерасын сенімді жеңіспен бастаса, Алиев алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или