Қазақстан ҰОК спорт пен киберспорттағы жасанды интеллект бойынша АОК семинарына қатысты

Қазақстан ҰОК спорт пен киберспорттағы жасанды интеллект бойынша АОК семинарына қатысты

Кувейттегі Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) штаб-пәтерінде спорт пен киберспорттағы жасанды интеллекттің қолданылуына арналған семинар өтті.

Іс-шараға Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің, киберспорт федерацияларының өкілдері және осы салада жұмыс істейтін ғалымдар қатысты.

Семинарды АОК бас директоры Хусейн Аль-Муссалам мен ұйымның вице-президенті Тани Абдулрахман Аль Кувари ашып, қазіргі заманғы спорттық технологиялардың дамуындағы жасанды интеллекттің маңыздылығын атап өтті.

Спикерлер спорттағы жасанды интеллектті пайдалану бойынша зерттеулер мен тәжірибелік кейстерді таныстырды. Ұзақ мерзімді перспективада алдыңғы қатарлы технологияларды енгізу: жаттығу әдістерін жетілдіру, жүктемені тиімді бөлу, қалпына келтіру процестерін оңтайландыру және жарақат алу қаупін азайту сияқты спортшыларды дайындау үшін ыңғайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Семинар барысында Назарбаев университетінің профессоры Прашант Джамвал мен магистрант Еңлік Ұлтарақова өз зерттеу нәтижелерін таныстырды. Олардың жұмысы жасанды интеллектті пайдалана отырып, жүзушілерге арналған жаттығу бағдарламаларын жетілдіруге бағытталған.

Сонымен қатар киберспорт секциясында виртуалды (VR) және толықтырылған шынайылық (AR) технологияларын қолдану арқылы киберспорт пен дәстүрлі спортты біріктіру мәселесі талқыланды. Ойын жасаушылар 2022 жылғы Ханчжоу Азия ойындарының мысалында жарыстарды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

Азия Олимпиадалық кеңесі ұсынылған зерттеулерді жоғары бағалап, спорт пен киберспорттағы жасанды интеллекттің одан әрі дамуын қолдайтынын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Еңлік Ұлтарақова Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің қолдауымен Халықаралық Олимпиадалық комитеті (ХОК) ұйымдастырған IOC Young Leaders беделді бағдарламасына қатысатын 25 жас көшбасшының қатарына енген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или