Қазақстандық сумошы Ерсін Балтағұл рейтингте жоғарылады
Жапония сумо федерациясы сумошылардың рейтингісін жаңартты, деп хабаралайды Prosports.kz.
Сондай-ақ, наурыз айының 9-23 күндер аралығында Осака қаласында өтетін Хару бащё турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады.
Жаңартылған рейтингте кәсіпқой элиталы сумоның ең жоғарғы Макучи дивизионында Кинбозан Харуки атымен бақ санайтын қазақстандық Ерсін Балтағұл Maegashira-5 дәрежесіне көтерілді. Ол қаңтар айындағы Хацу бащёны турнирінде Maegashira-14 дәрежесімен күрескен. Ал, қаңтар айындағы Хацу бащё турнирін 3-орынмен аяқтаған.
Айта кетейік, Ерсін Хацу бащёда жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Жаужүрек жауынгер» номинациясымен марапатталған болатын.
Дереккөз: 1bol.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или