«Қайрат» тағы да жеңіске жетіп, чемпионаттағы көшбасшылығын сақтап қалды

«Қайрат» тағы да жеңіске жетіп, чемпионаттағы көшбасшылығын сақтап қалды

Бүгін ел чемпионатының футзалдан кезекті матчтары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біріншілік көшбасшысы – алматылық «Қайрат» шымкенттік «Ордабасыда» қонақта болды.

Кездесудің бірінші жартысында «Қайрат» қарсылас қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Ал екінші 20 минуттық кезеңде алаң иелері екі рет мергендік танытқанымен, өз қақпасына тағы бір гол жіберді. Нәтижесінде «Қайрат» 2:4 есебімен басым түсті. Осылайша, алматылық клуб 63 ұпай жинап, турнирлік кестеде жеке-дара көш бастады (екінші орында – 60 ұпайы бар «Семей»).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или