Екі казақ каратэшісі БАӘ-де чемпион атанды
Бүгін екі қазақ каратэшісі Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджайра қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы А сериясы жарысында чемпион атанды.
Кумите бағдарламасында (U14-15) Нұрасыл Нұрсейіт (-52 кг) аса тартысты өткен финалда Украина өкілі Максим Виечкановты ұтты. Ал Сұңқар Қанибек 70 кг дейінгі салмақтың финалында Хорватия өкілін жеңді. Екі спортшымыз жарыс барысында 7 жекпе-жектен өткізді.
Сонымен қатар, бүгін 14-15 жас санатында тағы 3 спортшымыз қола медаль жеңіп алды. Амир Кеңесбай (-52 кг), Руслан Еркін (-57 кг), Батыр Әділ (-57 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Дереккөз: sports24.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или