Өзбекстандық гимнаст 49 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Өзбекстандық гимнаст 49 жасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Өзбекстандық гимнастшы Оксана Чусовитина Котбуста (Германия) өткен әлем кубогы кезеңінде секіруден үшінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

49 жастағы спортшы 13,249 ұпай жинап, қола жүлдегер атанды.

Жарыстың жеңімпазы словениялық Тея Белак (13,299) атанды. Тағы бір словениялық Тяса Киселеф күміс (13,266) иеленді.

2021 жылдың жазында Чусовитина спорттық мансабын аяқтайтынын жариялады, бірақ бірнеше айдан кейін ол мансабын жалғастыратынын хабарлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или