«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының мергендері Катар гран-приінде үздік шықты

«Астана» олимпиадалық даярлау орталығының мергендері Катар гран-приінде үздік шықты

Стенд ату бөлімінің спортшылары Дохадағы Катар Гран-приінде трап жаттығуы бойынша үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті хабарлады.

Жасөспірімдер арасында Элеонора Ибрагимова мен Никита Моисеев алтын медальды жеңіп алды. Ал Ревекка Сигитова мен Егор Царев күміс медальға қол жеткізді. Наргиза Сарманова қола медаль жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біздің спортшылар скит жаттығуында жасөспірімдер арасында алтын, әйелдер арасында қола жеңіп алды. Нәтижесі - 3 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль.



Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или