«Ақтөбе» ойыншысы жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Ақтөбе» ойыншысы жанкүйерлерден кешірім сұрады

Футболдан Қазақстан Суперкубогінде «Қайраттан» жеңілгеннен кейін «Ақтөбе» ойыншысы Әлібек Қасым өз жанкүйерлерінен кешірім сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Айта кетейік, матч «Астана Аренада» өтіп, 2:0 есебімен аяқталды. Бірінші тайм командалар гол соға алмағанымен, екінші таймда алматылықтар жауапсыз екі доп соғып, Суперкубокті кезекті рет иеленді.

«Бүгін өте тартысты ойын болды. Бірақ өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Ойынды көруге көп жанкүйер келді және «Ақтөбені» қолдаған барлық жанкүйерден кешірім сұраймын», - деді Әлібек Қасым.

Ойындағы есеп 58-минутта ашылды. «Қайраттың» бразилиялық легионері Элдер Сантана командаласының берген пасын ұтымды пайдаланып, «Ақтөбе» қақпашысынан айласын асырды.

Ал, 61-минутта төреші «Қайрат» ойыншысы Еркін Тапаловқа «қызыл қағаз» көрсетіп, алаңнан қуды. Соған қарамастан ақтөбеліктер есепті теңестіре алған жоқ. Теңестіру былай тұрсын, 86-минутта өз қақпасына екінші голды жіберіп алды. Бұл жолы Сантана пас беріп, Громыко гол соқты.

 

 

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или