Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Милад Карими Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы еркін жаттығуда үздік атанды. Финалда Карими 14,133 ұпай жинап, жалпы есепте бірінші орынға ие болды.

Екінші орын жапондық Кацуки Минамиге бұйырды – 13,666 ұпай. Ал үздік үштікті 13,533 ұпаймен италиялық Никколо Вануччи түйіндеді.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или