Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы «Елімай» сапына қосылды

35 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Серікжан Мужиков семейлік «Елімаймен» келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, Абай облысының тумасы Серікжан Урстемұлы «Елімай» футбол клубымен келісімшартқа отырды.
Жартылай қорғаушы позициясында ұлттық құрамада 30-ға жуық ойын өткізген тәжірибелі ойыншы «Елімай» сапындағы алғашқы ойынын өткізіп Грузиялық клубқа дебьюттік голын соғып үлгерді.
«Жетісу» өңірінде футбол жолын бастаған ойыншы мансабының басым бөлігін Елордалық «Астана» ұжымында өткізді. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнау тәжірибесі Серікжан 7 дүркін ел чемпионы болып үлгерді», - делінген клуб хабарламасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или