Серікжан Мужиков жаңа клубпен келісімшартқа отырды

Серікжан Мужиков жаңа клубпен келісімшартқа отырды

Қазақстан құрамасының футболшысы Серікжан Мужиков «Елімаймен»келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты семейлік клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жартылай қорғаушы бұған дейін «Елімай» үшін бір матч өткізген - ол Анталиядағы (Түркия) оқу-жаттығу жиынында өткен грузиялық «Самтредиемен» жолдастық кездесуде гол соқты - 3:2.

Серікжан Мужиков «Астана» сапында Қазақстанның жеті дүркін чемпионы, сонымен қатар «Жетісу», «Қайсар», «Тобыл» командаларында өнер көрсеткен. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасында ойнау тәжірибесі бар. Ұлттық құрама сапындағы дебютін 2011 жылы өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или