«Ақ жол, қызым»: Илья Ильин қазақы дәстүрмен қызының тұсаукесер рәсімін өткізді (видео)

«Ақ жол, қызым»: Илья Ильин қазақы дәстүрмен қызының тұсаукесер рәсімін өткізді (видео)

Қазақстандық спортшы Илья Ильин 1 жасқа толған қызы Аилидің тұсаукесер рәсімін өткізді. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Салтанатты шарада сәбидің тұсауын кесу мәртебесі журналист Динара Сәтжанға бұйырыпты. Журналист бір жасар Аилиге ең ізгі тілектерін арнады.

«Аили, жаным! Мен саған өз сәттілігімді бөлісемін. Әрдайым жолың болсын! Аяғыңды нық баса ғой, балапан. Құдай берген барлық әлеуетіңді іске асыра біл! Жаныңда әрқашан мейірімді және жақсы адамдар болсын! Қазақстанның жұлдызы әрі мақтанышы бол! Илья, Татьяна, сіздерді тәп-тәтті қыздарыңыздың бірінші туған күнімен құттықтаймын! Сенімдеріңе үшін рақмет», – деп жазды ол желідегі парақшасында.

Спортшы да қызына ақжолтай тілегін арнап, салтанатты шараның видеоларын желіге жүктеді. Видеодан Ильиндер отбасы қызына қазақы көйлек кигізгенін көруге болады.

«Ақ жол, қызым! Бір жыл көзді ашып-жұмғандай өтті! Динара Ханым, қызымызға берген таза әрі маңызды рухани тәлім болар бата бергеніңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!», – деп жазды Илья Ильин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или