ГЛАВНАЯ
Қазақстан футболы
«Қайрат» бас бапкері «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиындарындағы ойындарын бағалады
«Қайрат» бас бапкері «Ақтөбенің» оқу-жаттығу жиындарындағы ойындарын бағалады

«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Оразбахтин Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарындағы «Ақтөбенің» ойынын бағалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Олардың ойындарын көрдік. Өзіміз жасаған бағалауды ішімізде сақтаймыз.
Қарсылас жайлы ештеңе айтпаймын. Ертең бәрін көреміз. Жеңіске жеткіміз келеді және мұнда титул үшін келдік», — деді маман.
Айта кетейік, матч алдындағы баспасөз мәслихатында «Ақтөбе» бас бапкері Игорь Леонов «Қайраттың» ойынында өзгеріс байқамағанын мәлімдеді.
Еске салайық, 22 ақпанда «Ақтөбе» мен «Қайрат» арасында Қазақстан Суперкубогы үшін матч өтеді. Кездесу «Астана Аренада» сағат 15:00-де басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или