Бес қазақстандық батуттағы гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Бес қазақстандық батуттағы гимнастикадан Бакуде өтетін Әлем кубогының кезеңіне қатысады

Қазақстан құрамасы батуттағы гимнастикадан қарқынды оқу-жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді спортшылар Әзірбайжанның Баку қаласында өтетін Әлем кубогының кезеңінде өнер көрсетеді.

«Жиынға Данил Мұсабаев, Роман Барков, Ерлан Тасмағамбетов, Никита Тумаков, Виктория Бутолина қатысты. Бұл спортшылар кейін Әлем кубогы кезеңінде сынға түседі.

Халықаралық гимнастика федерациясының техникалық комитеті элементтердің қиындық деңгейіне қатысты ережелерді өзгертті. Атап айтқанда, артқа айналу элементтері үшін берілетін ұпайлар көбейтілді. Сонымен қатар үштік сальтоны көп орындайтын спортшыларға арнайы қосымша ұпай қосылады.

Мысалы, ерлер бағдарламасында бес және одан көп үштік сальто орындағандарға, әйелдер бағдарламасында үштен көп үштік сальто жасағандарға қосымша ұпай беріледі. Нәтижесінде, егер спортшы күрделі комбинация орындауды жоспарласа, бұл тәуекел өзін ақтайды», – деді бас бапкер Сергей Вертянкин федерацияның баспасөз қызметіне берген сұқбатында.

Биыл барлығы алты Әлем кубогы кезеңі өтеді, бірақ маусымның басты жарысы – қарашада Испанияда өтетін әлем чемпионаты болмақ.

Маусымдағы басты жаңалық – аралас синхронды секіру дисциплинасының қосылуы. Яғни, жарыстарға ер мен әйелден тұратын жұптар қатысады.

Айта кетейік, Әлем кубогының кезеңі Бакуде 22-23 ақпан аралығында өтеді.

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или