Қазақстан құрамасы нысана көздеуден Азия кубогында топ жарды

Бангкокта өткен спорттық атыстан Азия кубогы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы керемет нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ел спортшылары 12 алтын, 9 күміс және 4 қола медаль жеңіп алып, қарсыластарынан оқ бойы озық тұрды.
Турнирдің соңғы күнінде қазақстандық мергендер тағы да тамаша өнер көрсетіп, төмендегі жүлделерді иеленді:
- Алтын медаль – Александра Ле, Арина Алтухова, Елизавета Безрукова (винтовка, 50 м, командалық есеп)
- Алтын медаль – Александра Ле (винтовка, 50 м, жекелей есеп)
- Күміс медаль – Елизавета Безрукова (винтовка, 50 м, жекелей есеп)
- Алтын медаль – Никита Чирюкин (тапанша, 25 м)
Жалпы медальдік есеп:
- 1. Қазақстан – 12 алтын | 9 күміс | 4 қола
- 2. Оңтүстік Корея – 7 алтын | 4 күміс | 7 қола
- 3. Сингапур – 3 алтын | 4 күміс | 2 қола
Жарысқа 23 елдің спортшылары қатысты, олардың ішінде 16 мемлекеттің өкілдері жүлдегер атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или