Беларусь футболшысы «Қайсардың» тағдыры туралы сөз қозғады

Беларусь футболшысы «Қайсардың» тағдыры туралы сөз қозғады

Қызылорданың «Қайсар» клубы алдағы жаңа маусымда легионерлердің көмегінсіз ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мұндай шешімді қаңтар айында Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев хабарлаған болатын. Осыдан кейін «Қайсар» легионерлерімен қоштасты. 

Олардың арасында беларусь футболшысы Руслан Юденков та бар. Былтырғы маусымда тәп-тәуір ойнаған футболшы бірден Түркістанның «Тұран» клубына ауысты. Ол Sports.kz тілшісіне мұндай шешімді қалай қабылдағанын айтып берді.

«Команда құрамы бір емес, бірнеше жылда жақсы жинақталған еді. Барлығы бір-бірін түсініп қалған болатын. Ал сондай команданың бір күнде быт-шытын шығарды. Шешім қабылдаған адам осыған дейін қандай жұмыс атқарылғанын түсінбейтін сияқты. Әйтпесе, биыл еурокубокқа жолдама берілетін орындарға таласуға болар еді. Сосын Қызылордада салынып жатқан жаңа стаидонға еуропалық командалар әкелер едік. Мұның бәрі жас өскелең балалардың қызығушылығын туғызатын мүмкіндік. Былтыр «Ордабасы», «Елімай» сияқты командалардан қалай жеңісті жұлып алдық. Осындай эмоцияларды сезінген адам мұндай шешім қабылдамас еді», - дейді Руслан Юденков.

Ол «Қайсардың» былтырғы маусымнан қалған қарызы бар екенін айтып отыр. Футболшы енді Түркістанның «Тұран» клубында ойнамақ. 

Айта кетейік, Қызылорда облысының әкімдігі футболдан биылғы маусымға 1,6 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлап отыр. 

Есте болса, былтыр жыл соңында халыққа есеп берген өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев клуб директоры 5 млрд теңге бюджет сұрағанын айтқан болатын. Әкім футболға ақшаны әлдеқайда аз бөлетінін сол кезде мәлімдеген.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или