Нысана көздеу: Азия Кубогында әйелдер құрамасы үздік шықты

Нысана көздеу: Азия Кубогында әйелдер құрамасы үздік шықты

Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан нысана көздеуден Азия Кубогында Қазақстан әйелдер құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Винтовкамен 50 метрден жатып нысана көздеуде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Александра Ле және Арина Алтухова, Елизавета Безрукова ешкімге дес бермеді. Олар 1849.8 ұпаймен күміс жүлдегер Жапониядан 1,5 балл көп жинады. Үздік үштікте Оңтүстік Корея командасы.

Осы жаттығудың жекелей сынында Арина Алтухова 618.2 ұпаймен 4-ші, Елизавета Безрукова 5-сатыдан көрінді. Ал Александра Ле 10-орынға табан тіреді.

Енді ертең әйелдер 3 позицияда нысана көздеуден жүлдеге таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или