«Астана» Дубайдағы оқу-жаттығу жиынын аяқтады

Елордалық «Астананың» Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Дубайдағы оқу-жаттығу жиыны ресми түрде аяқталды. Енді команда 24 ақпанда Астанада жиналып, маусымдағы алғашқы матчқа – «Қайратқа» қарсы ойынға дайындалады», - делінген клуб хабарламасында.
Айта кетейік, астаналықтардың алғашқы оқу-жаттығу жиыны 18 қаңтар мен 2 ақпан аралығында өтті, сол кезеңде команда Мәскеудің «Спартагіне» қарсы бір жолдастық матч өткізді. Екінші жиын 7 ақпанда басталып, оның барысында «Астана» төрт бақылау матчында өнер көрсетті. Қарсыластары – «Галф Юнайтед» (Дубай, БАӘ), «Чжэцзян» (Ханчжоу, Қытай), «Краснодар» (Краснодар, Ресей) және «Динамо» (Самарқанд, Өзбекстан) командалары болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или