«Ордабасы» Грузия командасынан жеңіліп қалды

«Ордабасы» Антальядағы (Түркия) оқу-жаттығу жиыны аясында грузиялық «Гареджимен» бақылау матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ордабасы» 1:3 есебімен қарсыласына жол берді. Қазақстандық команда сапындағы жалғыз голды Виктор Мудрак соқты.
«Ордабасы» бұл ойынға мынадай құраммен шықты: Шайзада, Астанов, Малый, Мудрак, Тағыберген, Жақсыбаев, Сұлтаниязов, Халматов, Имнадзе, Кайоде, Тұңғышбаев.
Өткен маусымда «Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасында төртінші орын алған болатын. Ал «Гареджи» Грузия чемпионатының екінші дивизионында ойнап, алдағы маусымда тарихында алғаш рет жоғары лигада бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или