Қазақстандық футболшы еуропалық команда сапында гол соқты

Қазақстандық футболшы еуропалық команда сапында гол соқты

Беларусьтің «Ислочь» клубы жолдастық матчта «Волна-Пинск» командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу «Ислочтың» 3:0 есебімен айқын жеңісімен аяқталды.

Бастапқы құрамда шыққан қазақстандық жартылай қорғаушы Мирас Көбеев ойынның 2-минутында есеп ашты. 66-минутта Раймонд Адеола «Ислочтың» басымдығын арттырса, 69-минутта Никита Кнышев соңғы есепті белгіледі. Көбеев 70-минутта алмастырылды.

Айта кетейік, бұл бақылау матчы 40 минуттан екі таймға созылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или