Қазақстандық төреші Ұлттар лигасы матчында жұмыс істейді

Татьяна Сорокопудова бастаған отандық төрешілер тобы УЕФА Ұлттар лигасы аясында өтетін Әзербайжан W мен Қаратау W құрамалары арасындағы матчқа тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚФФ сайтына сілтеме жасап.
Ойын 21 ақпан күні 16:00-де Баку қаласындағы «Далга Арена» стадионында өтеді.
Кездесудің бас төрешісі болып Татьяна Сорокопудова тағайындалды. Оған Наргис Мағау мен Динара Ыдырысова көмектеседі. Төртінші төреші қызметін Эльвира Нұрмұстафина атқарады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или