«Астана» жиынын жеңіспен аяқтай алмады

Елордалық «Астана» БАӘ-дегі оқу-жаттығу жиынында соңғы жолдастық матчын өткізді, деп жазады Prosports.kz.
Астаналық клубтың қарсыласы Самарқанның «Динамосы» болды. Кездесу 30 минуттан үш таймға жоспарланған.
Григорий Бабаян шығарған бастапқы құрам мынадай: Сейсен, Бартолец, Калаица, Казуколовас, Вороговский, Эбонг, Аманович, Грипши, Томасов, Камара, Чинеду.
Бұл ойында есепті 19-минутта Джеффри Чинеду ашты, ал 75-минутта қарсылас таразы басын теңестірді – 1:1.
Өткен маусымда «Астана» Қазақстан Премьер-лигасының күміс жүлдегері атанса, «Динамо» Өзбекстан Суперлигасында сегізінші орын алған.
Айта кетейік, «Астана» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын 1 наурыз күні өз алаңында алматылық «Қайратқа» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или