Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатының қысқа бағдарламасында топ жарды

Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатының қысқа бағдарламасында топ жарды

Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында уақытша бірінші орынға көтерілді.

Қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 94.73 ұпай жинады.

Бұл нәтиже оған ерлер арасындағы жеке сырғанауда турнир кестесінің көшін бастауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, жеңімпаз бен жүлдегерлер 22 ақпанда өтетін еркін бағдарлама қорытындысы бойынша анықталады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или