«Нокаутпен жеңеді». Қазақстандық маман Бивол – Бетербиев 2 жекпе-жегі туралы

22 ақпанда Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) жартылай ауыр салмақтағы екі үздік боксшы – жеңіліп көрмеген абсолют әлем чемпионы Артур Бетербиев (21-0, 20 КО) Дмитрий Бивол (23-1, 12 КО) арасында реванш өтеді.
Орта салмақтағы танымал экс-чемпион Заурбек Байсангуровтың бұрынғы өкілі, қазақстандық боксшы Руслан Мәдиевтің (17-2, 6 КО) кеңесшісі, америкалық менеджер Ибрагим Хараев Prosports.kz тілшісіне осы көптен күткен жекпе-жектің қалай аяқталуы мүмкін екені туралы пікір білдірді.
«Биволды адам ретінде қатты құрметтеймін. Ол өте керемет адам, бірақ Артур мықтырақ. Бұл – менің жеке пікірім. Бетербиев нокаутпен жеңеді», – деп сенім білдірді маман.
Айта кетейік, Бетербиев пен Бивол арасындағы алғашқы жекпе-жек былтыр қазан айында Эр-Риядта өтіп, дағыстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын.
Алдағы бокс кешінің кардында қазақстандық Жәнібек Әлімханұлының дивизионында чемпиондық жекпе-жек өтеді. Онда жеңіліп көрмеген ұлыбританиялық Хамза Шираз (21-0, 17 КО) орта салмақтағы WBC әлем чемпионы, Доминикан Республикасының өкілі Карлос Адамеспен (24-1, 18 КО) кездеседі.