Қазақстандық мергендер тағы жүлде алды

Қазақстандық мергендер тағы жүлде алды


Таиланд астанасы Бангкокта өтіп жатқан Азия кубогында Қазақстан құрамасы қоржынына тағы үш медаль қосты.

50 метр қашықтыққа жатып атудан Юрий Юрков 620.2 ұпай жинап, жеңімпаз атанды. Осы сайыста тағы бір отандасымыз Никита Шахторин 616.7 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.

Командалық жарыста Константин Малиновский, Юрий Юрков және Никита Шахторин тамаша нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.

Бұған дейін Қазақстан құрамасының қоржынында 14 медаль бар еді. Қазір жалпы есепте 7 алтын, 6 күміс, 4 қола жүлде бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или