Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер қатысады

Биатлоннан әлем чемпионаты: Қазақстан атынан кімдер қатысады

Қазақстан құрамасы биатлоннан 2025 жылғы Азия ойындарына қатысқаннан кейін бірден әлем чемпионатына аттанды. Байрақты дода Швейцарияның Ленцерхайде қаласында өтеді.

18 ақпанда әлем чемпионатында әйелдер арасындағы жекелей сын бойынша жарыстар өтеді. Бұл сында еліміздің намысын үш спортшы қорғайды: Ольга Полторанина, Полина Егорова және Галина Вишневская-Шепоренко.

Жарыс жолына жалпы 93 биатлоншы шығады. Бәсеке Астана уақытымен 19:05-те басталады. Ал ерлер арасындағы жекелей жарыстағы медальдар 19 ақпанда сарапқа салынады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или