Қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Дубайдағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық Анна Данилина ресейлік теннисші Ирина Хромачевамен бірге Дубайдағы (БАӘ) турнирдің жұптық сынын сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші айналымда Данилина мен Хромачева ресейлік теннисшілер Анастасия Потапова мен Яна Сизиковамен кездесіп, оларды екі сетте – 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Қазақстандық пен ресейлік жұптың келесі қарсыластары Бетани Маттек-Сандс (АҚШ) / Луиза Стефани (Бразилия) жұбы болады.

Айта кетейік, Дубайдағы турнирдің жүлде қоры 3 664 963 доллар. Жұптық сынның жеңімпаздары әрқайсысы 175 900 доллардан, сондай-ақ 1000 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или