Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдегі жұптық сайысты сәтті бастады

Юлия Путинцева Дубайдағы турнирдегі жұптық сайысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева чехиялық Линда Носковамен жұптасып, Дубайдағы WTA турнирінің алғашқы айналымында Қытай өкілдері Чжэн Сайсай мен Ван Синьюйді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Кездесу 1 сағат 6 минутқа созылды. Путинцева мен Носкова екі брейк жасап, өз геймдерінде бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ.

Екінші айналымда чех-қазақ жұбы турнирдің екінші нөмірлі дуэті – канадалық Габриэла Дабровски мен австралиялық Эрин Рутлиффке қарсы ойнайды.

WTA жұптық рейтингінде Путинцева 105-орында, ал Носкова 91-сатыда тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или