Қазақстандық теннисші Дохадағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

Қазақстандық теннисші Дохадағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Дохада (Катар) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеу кезеңінің финалында Кукушкин италиялық теннисші Лука Нардимен кездесіп, одан екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды.

Кездесу 1 сағат 59 минутқа созылды.

Дохадағы турнирдің жүлде қоры 3 035 960 доллар. Жеңімпаз 516 165 доллар жинап, 500 рейтингтік ұпайға ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или