Теннис. Дохадан кейін Дубай турнирі: Путинцева Носковамен екінші рет кездеседі

Теннис. Дохадан кейін Дубай турнирі: Путинцева Носковамен екінші рет кездеседі

Бүгін Дубай (БАӘ) WTA 1 000 турнирі басталады. Жүлде қоры 3,6 млн АҚШ долларынан асатын аталмыш ірі жарыс 16-22 ақпан аралығында өтеді. 

Қазақстанның екінші, әлемнің 20-ракеткасы Юлия Путинцева алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 33-орында тұрған 20 жастағы чехиялық Линда Носковамен ойнайды.

Бір қызығы, 11 ақпан күні қазақстандық теннисші Дохадағы дәл осындай доданың екінші айналымында Носковадан 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Сонымен қатар Путинцева чехиялық спортшымен бірге жұптық сында өнер көрсетеді. Олардың бастапқы қарсыластары – қытайлықтар Синьюй Ван – Чжэн Сайсай.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай жарысын екінші айналымнан бастайды. Ол әлемнің 37-ракеткасы, биылғы Доха турнирінің финалисі, 2017 жылғы Ролан Гаррос жарысының чемпионы, латвиялық Елена Остапенко немесе рейтингіде 63-сатыда тұрған Моюка Учижиманың қай жеңгенімен шеберлік таласады. Жапониялық теннисшіні Дохада Ю.Путинцева жеңген болатын.

Өткен жылы Дубайда Е.Рыбакина ширек финалға дейін жетсе, Ю.Путинцева қатыспаған еді.

Дереккөз: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или