Дохадағы турнирнде сенсация жасаған теннисші рекорд орнатты

«Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы, әлемнің 37-ракеткасы, латвиялық теннисші Елена Остапенко WTA-1000 санатындағы турнирлердің финалында 6 жыл 321 күн бойы ойнамаған. Бұл – WTA ойыншылары арасындағы екі финал арасындағы ең ұзақ үзіліс, деп хабарлайды Prosports.kz.
14 ақпанда Дохадағы WTA-1000 турнирінің жартылай финалында Остапенко әлемнің екінші ракеткасы, польшалық Ига Швентекті 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Латвиялық теннисші кейінгі рет финалда 2018 жылы Майамиде ойнаған. Сол кездесуде америкалық Слоан Стивенс Елена Остапенконы 7:6 (7:5), 6:1 есебімен жеңген болатын.
Доха турнирдің жүлде қоры - 3 664 963 долларды құрайды. Жарыс 9–15 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың қазіргі чемпионы - Ига Швентек.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или