Ойыншының жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатының матчы ауыстырылды

Ойыншының жарақатына байланысты Қазақстан чемпионатының матчы ауыстырылды

Футзалдан Қазақстан чемпионатының 24-туры аясындағы «Қайрат» — «Каспий» матчы SADU ARENA-дан «Қайрат» спорт кешеніне ауыстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстанның Чемпионатының 24-турындағы «Қайрат футзал» - «Каспий» матчі SADU ARENA-дан «Қайрат» спорт кешеніне (Есенберлина көшесі, 173) ауыстырылды.

Матчтың басталуы 19:00-де.

Кешегі 23-турдағы кездесуде қонақ команда ойыншысы Александр Серегин жарақат алды. Ойыншылардың денсаулығын сақтау мақсатында Қазақстан футзал қауымдастығы осы шешімді қабылдады. Қазіргі уақытта SADU ARENA-да матчтар уақытша тоқтатылды, алаң толық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болғанша», - делінген алматылық клубтың хабарламасында.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или