Қазақстан жасөспірімдер командасы екі турнирге қатысады

Қазақстан жасөспірімдер командасы екі турнирге қатысады

Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы бір уақытта екі турнирге аттанды.

Қазақстан бокс федерациясының мәліметі бойынша, аға бапкер Бағдат Оңғарбеков Азия мен әлем чемпионаты сынды маңызды біріншіліктердің алдында бірнеше құрамды бақылап көрмек.

Осы мақсатта ақпан айында әр салмақ дәрежесінде 3-4 боксшыдан жарыстарда сынға түседі. Соның ішінде, 15-24 ақпан аралығында Румынияның Брэйла қаласындағы дәстүрлі «Дракула Оупен» халықаралық турниріне 30 боксшы қатысады. Ал, Санкт-Петербургте (Ресей) 16-22 ақпан күндері Өзбекстан, Ресей, Беларусь және Қазақстан командалары арасында жолдастық кездесу ұйымдастырылады. Бұл бәсекеге Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бірінші нөмірлі спортшылары аттанды.

Дереккөз: Sport+ Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или